Роуз Намаюнас UFC 249 турниріне қатысудан бас тартты

Роуз Намаюнас UFC 249 турниріне қатысудан бас тартты

Литвалық файтер қыз Роуз Намаюнас UFC 249 турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш күн бұрын турнирде өнер көрсететін барлық жұптар жарияланған болатын. Алайда, кеше ұйымның экс-чемпионы жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді. 27 жастағы Роуз Джессика Андрадемен реванштан бас тартты. 

UFC қазіргі таңда Намаюнастың орнын басатын спортшы іздеп жатыр. Бұл қатарда Клаудии Гадельи мен Карлы Эспарздың есімі аталып отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или