Жеңіл атлетика

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы іріктеу турнирлерін уақытша тоқтатты

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы іріктеу турнирлерін уақытша тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 2020 жылдың 6 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирлерін тоқтатты. Бұл туралы шешім Спортшылар комиссиясы және аймақтық ұйым президенттерімен келісілген соң қабылданды.

Осы уақыт аралығында қандай да бір жарыстарда тіркелген нәтижелер Токио-2020 ойындарына ұпай бермейді және әлемдік рейтингтерге енбейді.

Әлемдегі жағдай рейттелген соң Олимпиадаға іріктеу турнирі 2020 жылдың 1 желтоқсанынан басталады. Сондай-ақ, 2021 жылғы Олимпиада ойындарына дейін жалғасады.

«Мен осындай қиын кезеңде жұмыс атқарған баршаңызға рахмет айтамын. Олимпиадаға іріктеу турнирінің уақытша тоқталуы спортшылардың жаңадан күш жинауына көмектеседі. Қазір бар әлем шекарасын қымтап жатқан шақта турнир өткізу қиын», - дейді федерация басшысы Себастьян Коэ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер