«Автомобилист» қазақстандық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынбайды
<span class="s1">«Автомобилист» хоккей клубы команда капитаны Найджел Доусқа жаңа келісімшарт ұсынбайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>
<span class="s1">35 жастағы қазақстандық шабуылшы биылғы маусымда ресейлік команда сапында 59 кездесуге қатысып, 50 ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде бес кездесуде тек бір рет нәтижелі пас берген. </span>
<span class="s1">Найджел Доустың командадан кетуінің бір себебі Павел Дацюкпен сөзге келіп қалуы деген ақпарат бар. </span>
<span class="s1">«Барыс» өзінің бұрынғы ойыншысын командаға шақыруды қарастырмайтынын айтқан болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или