«Ливерпуль» мемлекет қаржысын пайдаланбақ болғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Ливерпуль» мемлекет қаржысын пайдаланбақ болғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Ливерпуль» мәжбүрлі демалысқа жіберілген қызметкерлерге жалақыны өз бетінше төлейтін болып шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

4 сәуір күні клуб чемпионаттағы үзіліс кезінде жұмысшыларды уақытша босататынын мәлімдеді. Заң бойынша, Ұлыбритания билігі пандемия салдарынан табысынан айырылған жұмысшыларға жалақының 80% төлейді, ал «қызылдар» бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келіп, клуб қызметкерлеріне жалақының тек 20 пайызын ғана өздері төлеуді жоспарлаған еді.

Клуб көпшіліктің ашу-ызасын тудырды: команданың жанкүйерлері мен бұрынғы ойыншылары кірісі мол клубтың не үшін мемлекеттің көмегіне жүгінгісі келіп отырғанын түсінбеді. 6 сәуірде «Ливерпуль» ресми мәлімдеме жасап, жұмысшыларға жалақыны өздері төлейтінін жеткізді. 

«Біз өткен аптада дұрыс емес шешім қабылдамадық және ол үшін өкінеміз», - деп жазылған «Ливерпульдің» твиттердегі парақшасында.

Француз клубының коронавирусқа шалдыққан дәрігері өз-өзіне қол жұмсады

Sky Sports маусымның үздік командасына жариялады. Қақпашының позициясы таңқалдырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или