Әлем футболы

АПЛ: Sky Sports маусымның үздік командасын жариялады. Қақпашының позициясы таңқалдырды

АПЛ: Sky Sports маусымның үздік командасын жариялады. Қақпашының позициясы таңқалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Sky Sports ағылшын медиасы Премьер-лига маусымының ең мықты ойыншыларының құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда құрамындағы 6 футболшы «Ливерпульдің» ойыншылары. Екеуі «Лестерден», біреуі «Манчестер Ситиден». Ал үздік команданың қақпасын «Шеффилд Юнайтедтегі» Дин Хендерсон күзетеді. Бүкіл Англия болашағынан зор үміт күтіп отырған 23 жастағы қақпашы осы маусымда қақпасына 27 ойында 25 гол өткізген. Бұл көрсеткіш бойынша «Шеффилд Юнайтедтің» алдында «Ливерпуль» ғана тұр.

Қақпашы: Дин Хендерсон (Шеффилд Юнайтед);

Қорғаушылар: Трент Александр-Арнольд, Вирджил ван Дайк, Эндрю Робертсон (барлығы Ливерпуль), Джек О’Коннелл (Шеффилд Юнайтед);

Жартылай қорғаушылар: Вилфред Ндиди (Лестер), Джордан Хендерсон (Ливерпуль), Кевин де Брюйне (Манчестер Сити);

Шабуылшылар: Садио Мане, Мохамед Салах (екеуі де «Ливерпуль»), Джейми Варди (Лестер).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер