Хоккей

«Барыс» Скабелкамен қош айтысты

«Барыс» Скабелкамен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы мен команданың бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмады. Андрей Владимировичтің клубпен қазіргі келісімі 2020 жылдың 30 сәуірінде аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, «Барыс» жаңа бас бапкер іздей бастайды.

Скабелкаға басты үміткер ресейлік «Локомотив» хоккей клубы. Одан бөлек башқұртстандық «Салават Юлаев» командасы да Скабелкаға қызяғушылық танытқан болатын.

Андрей Владимирович және оның жаттықтырушылар құрамы клубта жұмыс істеген екі маусымда үлкен жетістіктерге жетті. «Барыс» тұрақты чемпионат тарихында ең жақсы нәтижелер көрсетті, сонымен қатар оны екі рет Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер