Boxrec нұсқасы бойынша P4P рейтингі жаңартылды. Головкин төртінші орында қалды
Әйгілі Boxrec порталы салмақ санаты еленбейтін әлемдегі үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин төртінші орынды иеленіп тұр. Орта салмақта <span>IBF және IBO</span> чемпионының еншісінде 811,1 ұпай.
Бірінші орынды WBA Super және WBC Franchise орташа салмақтағы чемпионы, мексикалық Сауль Альварес сақтап қалды.
Ауыр салмақтағы WBC чемпионы, соңғы жекпе-жегінде америкалық Деонтей Уайлдерді жеңген Тайсон Фьюри рейтингте екінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта Тайсонда 1022 ұпай бар.
Үшінші орында WBC және IBF салмақ бойынша чемпионы, американдық Эррол Спенс. Қазіргі уақытта бұл боксшыда 825,6 ұпай бар.
Еуропалық боксшы Головкинмен болған жекпе-жегін еске алды
Амир Хан: Головкин трилогиядан үлкен пайда келетінін біледі
Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин - Альварес трилогиясына қатысты мәлімдеме жасады
<h4>Сауль Альварестің Сондерске қарсы жекпе-жегі өтпеуі мүмкін</h4>