Командалық

ВТБ Біріккен лигасының ойыншысы ерікті болып жүр

ВТБ Біріккен лигасының ойыншысы ерікті болып жүр
news-banner7
mobile-news-top

«Локомотив Кубань» баскетбол клубының қорғаушысы Мантас Калниетис карантин кезінде ерікті болып, зейнеткерлерді қажетті заттармен қамтамасыз етуге көмектесіп жүр, деп жазады Prosports.kz.

Баскетболшы литвалық «Күш бірлікте» қайырымдылық ұйымының еріктісі болып жүр.

Ойыншының айтуынша, карантин кезінде күнделікті жаттығуы мен балаларының сабаққа дайындалуына көмектеседі. Бос уақыты жеткілікті болғандықтан, отбасына ғана емес, мұқтаж адамдарға да көмектесуге бел буған.

Айта кетейік, Калниетис бұған дейін «Жальгирис», «Олимпия Милан» және «АСВЕЛ» командаларында өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, ВТБ Біріккен Лигасының маусымы мерзімінен бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер