«Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» оңай жеңді

Биылғы чемпиондарды өз алаңдарында қапы қалдырған батысқазақстандық клуб күміс медальға бір табан жақындады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осы жылға қойған мақсаттарына жеткен елордалық бүгінгі матчқа екінші құраммен аттанды. Станимир Стойлов бапкер маусым бойы алаңға шықпаған ойыншыларға мүмкіндік берді. Сапында көшбасшы футболшылардың жоқтығы ойынға өз әсерін тигізбей қоймады. Рохер Каньяс, Фокси Кетевоама және Дмитрий Шомко сияқты команданың белді ойыншылары тіпті Ақтөбе қаласына келген жоқ.

Газзаевтың шәкірттері бұл матчта қалай болса да үш ұпайды алуды көздегені анық. Өйткені бұл ұпайлар батысқазақстандық клубтың күміс медаль алуына үлкен жол ашады. Алғашқы таймның бастапқы тұсында Логиновскийдің иелегінде аса бір қауіпті сәт бола қойған жоқ. Дегенмен 41-шы минутта украиндық сұрмерген Алексей Антонов «Астана» қақпасының алдындағы қарбаласты пайдаланып, есепті ашып кетті. 4 минут өтісімен Асхат Тағыберген қақпадан 25 метр қашықтықта жойқын соққы жасап, есепті еселеді. Ал матчтың аяқталуына бірер минут қалғанда Марат Хайруллин есепті 3:0-ге жеткізді.

Қазақстан Премьер-лигасы. 24-ші турдың шегерілген матчы.

«Ақтөбе» - «Астана» - 3:0 (2:0)

Голдар: Антонов 41, Тағыберген 45, Хайруллин 90+3

«Ақтөбе»: Сидельников, Царикаев, Мирошниченко, Пизелли (Айымбетов 77), Неко (М.Хайруллин), Арзуманян, Тағыберген (Кападзе 88), Коробкин, Логвиненко, Сантана, Антонов

«Астана»: Логиновский, Пикалкин, Дмитренко, Ахметов, Горячий, Нұрдәулетов, Бейсебеков (Күлекенов 87), Р. Хайруллин, Мендібаев (Халезов 79), Мұжықов, Курдов

Төрешілер: Болат Кәрлібаев (Орал), Дмитрий Будниченко (Екібастұз), Дмитрий Филоненко (Тараз)

Ақтөбе. Қобыланды атындағы Орталық стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или