ММА

«Хабиб нағыз бабында еді». Абдулманап Нурмагомедов ұлының Фергюсонге қарсы қалай дайындалғанын айтты

«Хабиб нағыз бабында еді». Абдулманап Нурмагомедов ұлының Фергюсонге қарсы қалай дайындалғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы (70 кг) Хабиб Нурмагомедовтың әкесі, әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов «Ушатайка» Youtube арнасына берген сұхбатында ұлының Тони Фергюсонмен жекпе-жекке бабында болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік палуан UFC 249 турнирінде Тони Фергюсонға қарсы чемпиондық белбеуін қорғауы керек болатын.

Айта кетелік, осы аптада Хабиб Нурмагомедов АҚШ-қа барып, UFC 249 турниріне қатысуды жоспарламайтынын туралы айтты. Ивенттің қашан және қайда өтетіні әлі күнге дейін белгісіз.

Хабибтің әкесінің айтуынша, олардың командасы 120 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізді, ал чемпион бұл турнирге өте жақсы дайындалған. Қаржылық шығындар туралы да сөз болды. Хабибтің командасы оқу-жаттығу жиынына әдеттегіден бес есе көп ақша жұмсаған.

Абдулманап Нурмагомедов сұхбатында UFC Беларусьте турнир өткізуі мүмкін дейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер