Ибрагимович «Миланнан» кетуі мүмкін

Ибрагимович «Миланнан» кетуі мүмкін

«Миланның» ойыншысы Златан Ибрагимович биыл маусым біткенде командасын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы Gazzetta Dello Sport басылымы мәлімдеді.

Швециялық футболшының келісімшарты биыл жазда аяқталады. Әзірге Ибра келісімшарт мерзімін ұзартуды ойлап жүрген жоқ.

Ибрагимовичтің клуб басшылығындағы ауыс-түйістер және команданың жаңа даму бағыты мен саясаты көңілінен шықпаған.

38 жастағы футболшы биыл маусымның соңында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдауы мүмкін. «Милан» Ибрагимович командадан кетсе орнына «Наполидің» шабуылшысы Аркадиуш Миликті алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или