Әділет министрі: Спортпен шұғылдану көшеге шығуға негіз бола алмайды

Әділет министрі: Спортпен шұғылдану көшеге шығуға негіз бола алмайды

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берді.

<span>«Осы тұрғыда денсаулық сақтау мамандарының пікіріне сүйенеміз. Мамандардың пайымынша, (инфекция қаупі кезінде) спортпен шұғылданатын адамға да, сондай-ақ оның жанындағы адамдарға да жоғары қатер туындайды. Сондықтан спортпен айналысуды көшеге шығу үшін негіз ретінде санамау шешімі қабылданды. Ғимараттың ішінде спортпен шұғылдану үшін түрлі әдістер бар. Осы орайда бұл тәсілдерді уақытша пайдаланып, енгізілген шектеулерге түсінікпен қараған жөн болар», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте.</span>

<span>Әділет министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден алуға кеңес берілген.</span>

<span>«Егер де қажеттілік болса, азық-түлік базарына баруға болады. Алайда сақтық шараларын ұстану керек, яғни арнайы маска мен қолғап болуы қажет», - деп аталып өтті брифингте.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или