ММА

Хабибтің әкесі: Олар жекпе-жек АҚШ-та өтпейді деді

Хабибтің әкесі: Олар жекпе-жек АҚШ-та өтпейді деді
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі және жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов баласының Ресейде екенін және Дағыстанда Тони Фергюсонмен жекпе-жекке дайындалуды жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шынымды айтсам, нақты ештеңе айта алмаймын. Хабиб Дағыстанда дайындалуда, біз бұл жағдайға ықпал ете алмаймыз. Олар Америкада жекпе-жек болмайды деп айтты.

Біз Ресейде бәрін күтеміз, мен бұл жерде жекпе-жекті ұйымдастырғым келеді. Хабиб қазір өз бабында», - деді Нурмагомедов.

Еске салайық, 30 наурызда Ресейде коронавирустық пандемияға байланысты автомобиль, теміржол, жаяу жүргінші, өзен және аралас өткізу пункттері арқылы қозғалыс уақытша жабылады.

Хабиб - Фергюсонның жекпе-жегі 18 сәуірде жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер