«Барыс» қорғаушысы «Локомотивке» ауысады

«Барыс» қорғаушысы «Локомотивке» ауысады

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Атте Охтамаа бапкер Андрей Скабелкадан кейін «Локомотивке» ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Охтамаа елордалық клубқа өткен жылы қарашада ауысып келген. «Барыс» сапында 36 матчқа қатысып, 21 (6+15) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 32 жастағы қорғаушы бес ойында 2 (1+1) ұпай еншіледі.

2018 жылы Охтамаа «Ак Барс» сапында Гагарин кубогын жеңіп алды. Ал 2019 жылы Финляндия құрамасында әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты «Барыс» маусымды мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл шаралар коронавирустың елде таралуының алдын алуға байланысты қабылданды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или