Ресейлік команда «Барыстың» екі ойыншысына қызығушылық танытып отыр
«Локомотив» хоккей клубы «Барыстың» екі ойыншысына қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, «Локомотив» канадалық қақпашы Эдди Паскуале мен финляндиялық қорғаушы Атте Охтамааны қатарға қосуды жоспарлап отырған көрінеді.
29 жастағы Паскуале өткен маусымда 46 матчқа қатысып, әр ойында орташа есеппен 2,03 гол жіберіп алды.
Ал Охтамаа өткен маусымда «Барыс» сапында 36 матчқа қатысып, 21 (6+15) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 32 жастағы қорғаушы бес ойында 2 (1+1) ұпай еншіледі.
Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты «Барыс» маусымды мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл шаралар коронавирустың елде таралуының алдын алуға байланысты қабылданды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или