Асылжан Бақытжанұлы: Әр жағдайдың жақсы тұстарын көруге тырысамын

Асылжан Бақытжанұлы: Әр жағдайдың жақсы тұстарын көруге тырысамын

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы сайтына берген сұхбатында коронавирустың жаттығуларына  әсері, алдағы жоспарларымен  бөлісті.

Коронавирус пандемиясы жаттығуларыңызға әсер етті ме ?

-Әрине,коронавирус пандемиясы кезінде жаттығулар бұрынғыдай емес. Барлық спорт залдары жабық, спарринг жоқ.

Бірақ әр жағдайдың жақсы тұстарын көруге тырысамын. Осы сәтті пайдаланып жақындарыма көңіл бөлуге болады. Кітап оқып, өз-өзіңді дамытуға керемет мүмкіндік.

АСА 105 турнирі туралы пікіріңізбен бөліссеңіз

-АСА 105 турнирінен керемет естеліктер есте қалды. Сол турнирдің энергетикасы есіме түссе денем тітіркенеді. Жарыс карантинге дейін өтіп үлгерді. Ол жағынан біздің жолымыз болды.Жанкүйерлерді қуантып үлгердік.

Алдағы жылға жоспар қандай ? Кімдермен жұдырықтасасыз ?

-Күнделікті жаттығып, кәсіби тұрғыда өзімді дамытатын болам. Мен аралас жекпе-жекті жақсы көрем, онымен айналысудан рахаттанам.

Мен көптеген үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Бірақ ол маған байланысты емес. Кем дегенде екі жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын. АСА басшылығы қалай шешсе солай болады. Лигада мықты спортшылар көп. Маған лиганың әрбір файтерімен жұдырықтасқан қызық болады.

Естеріңізге салатын болсақ АСА 105 турнирінде Асылжан Бақытжанұлы испаниялық Даниэль Толедоны жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или