ВТБ Біріккен лигасы мерзімінен бұрын аяқталды
Әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты баскетболдан Біріккен ВТБ лигасының 2019/2020 жылғы маусымы мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>«Лига кеңесіне дауыс беріліп, көпшілігі маусымды тоқтатуды қолдаған соң, Біріккен ВТБ лигасын мерзімінен бұрын аяқтау туралы ресми шешім қабылданды. Шекаралар жабылған қазіргі жағдайда жаттығу жасайтын мүмкіндік жоқ. Бүгінде COVID-19 індеті әлемде белең алып барады. Сондықтан, ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің және жанкүйерлердің денсаулығын сақтау үшін осындай қадамға бардық. Лига талаптары сақталмағандықтан, маусым мерзімінен бұрын аяқталады», - делінген хабарламада. </span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или