Жалғас Жұмағұлов: Мүмкіндігінше дайындалып жүрміз

Жалғас Жұмағұлов: Мүмкіндігінше дайындалып жүрміз

Жақында ғана UFC промоушенімен келісімшарт жасасқан белгілі қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (13-3) Prosports.kz сайтына карантин кезінде жаттығуды қалай өткізетінін айтып берді.

- Карантин жаттығуларыңызға әсер етті ме?

- Жаттығуды кейде көшеде жасаймыз, мүмкіндігінше жаттығып жүрміз. Бірақ көшеге шықпаймыз, достарымыздың залы бар, бір-бірден барып, дайындаламыз.

- Болашақ қарсыласыңыз Джордан Эспинозаны қалай бағалайсыз?

- Ол өте мықты спортшы. Онымен төбелесеміз, кейін кіммен жекпе-жек өткізетінімізді өөзіміз таңдауымыз керек.

Еске салайық, алдын-ала белгілі болған ақпарат бойынша, Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы дебюті 13 маусымда Нұр-Сұлтанда өтуге тиіс деп жоспарланған болатын. Дегенмен, әлі күнге дейін ресми расталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или