Хоккей

«Сарыарқа» коронавирус кезінде логотипін өзгертті

«Сарыарқа» коронавирус кезінде логотипін өзгертті
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы коронавирустық пандемия кезінде жанкүйерлерді инфекциядан сақтануға шақырып, логотипін өзгертті, деп жазады Prosports.kz.

Логотиптің жаңа нұсқасында ​​клубтың символы бүркіт қазақтың ұлттық киіз үйінің ішіне салынған. Осы арқылы қарағандылық клуб жанкүйерлерге коронавирустық инфекциядан қорғау үшін сақтық шараларын ұстану керектігін ескертті.

Айта кетейік, 25 наурызда Жоғары хоккей лигасы Петров кубогы мен Федерация кубогын мерзімінен бұрын аяқтау және коронавирустық пандемияға байланысты 2019/20 жылғы маусымының қалған бөлігін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер