Жеңіл атлетика

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы коронавирус қаупіне байланысты 2020 жылы Найробиде өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ауыстырылатынын хабарлады.

Әлемдік ұйым Кения билігімен бірлесе отырып осындай шешімге келген. Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтуі тиіс болатын.

«Біз спортшылар мен ресми тұлғалардың және көрермендердің денсаулығына жауаптымыз. Ұйымдастыру комитетінің үлкен жұмыс атқарғанын мойындаймыз. Нағыз спорттық мерекені сыйлағысы келгендерге алғыс айтамыз. Алайда, мұндай жағдайда тәуекел ету қауіпті. Коронавирусқа қатысты ғаламдық жағдай өте қауіпті», - делінген хабарламада.

Әлем чемпионаты өтетін мерзім кейін анықталады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер