Әлем футболы

Месси коронавирус індетімен күреске жарты миллион еуро аударды

Месси коронавирус індетімен күреске  жарты миллион еуро аударды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» капитаны Лионель Месси коронавируспен күресу үшін шамамен миллион еуро бөлді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады. Қаражат Барселонадағы ауруханаға және Аргентинадағы медициналық орталыққа жіберіледі.

Айта кетелік, бұған дейін испаниялық БАҚ «Манчестер Ситидің» бапкері Хосеп Гвардиола «Covid-19» пандемиясымен күрес қорына 1 миллион еуро аударғаны туралы хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта Испанияда 39 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, 2800 адам қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер