Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі Ресейде өтуі мүмкін
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін. <br />Бұл туралы Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов айтты. <br />«Неге Ресейде өткізбеске ? Бізде мұндай жекпе-жекті өткізуге болатын қалалар бар. Ресейде өзге елдерге қарағанда коронавируспен ауырушылар саны аз. Сол үшін бізде көрерменсіз жабық залда өткізуге болады. Біздің елде де көпшілік жиналатын іс-шаралар өткізуге болмайды»,- деді Абдулманап Нурмагомедов. <br />Естеріңізге салатын болсақ Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуірдп өтуі керек. Әзірге қай жерде өткізілетіні белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или