Ресейлік спортшы Нұр-Сұлтандағы UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Ресейлік спортшы Нұр-Сұлтандағы UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Биыл жазда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін UFC турнирінде ресейлік Гаджимурад Антигулов пен бразилиялық Клидсон Абреу жұдырықтасуы мүмкін.

MMA Fighting басылымының мәліметінше, Гаджимурад Антигулов пен Клидсон Абреу жекпе-жек өткізу туралы келіссөзді бастап кеткен. Ресейлік спортшы соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізген.

Ал кештің басты жекпе-жегін ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес кездеседі деп күтілуде. Бұған дейін спортшылардың жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа ресми қол қойғанын белгілі болған еді. UFC рейтингінде Петр Ян үшінші орында тұрса, Марлон Мораес көш бастап тұр. Жекпе-жектің жеңімпазы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегері Генри Сехудомен кездесуге мүмкіндік алады.

Марлон Мораес мансабында 30 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның 23-інде жеңіске жетсе, 6 қарсыласына есе жіберді. Тағы бір жекпе-жегінде тең түскен. Ал Петр Ян болса 13 қарсыласынан басым түссе, екі кездесуінде ұтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или