«Барыс» ең көп жанкүйер жинайтын 30 клубтың қатарына енді

«Барыс» ең көп жанкүйер жинайтын 30 клубтың қатарына енді

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» екінші жыл қатарынан ойынын көруге ең көп жанкүйер жиналатын Еуропадағы отыз клубтың қатарына еніп отыр. 2019-2020 жылдардағы «Барыстың» матчтарына орта есеппен 6816 көрермен келді (өткен жылы бұл көрсеткіш 6448 көрермен болған). Бұл көрсеткіш бойынша «Барыс» отыз клубтың ішінде 24-орынға жайғасты (өткен жылмен салыстырғанда 5 позицияға жоғары).

Бұл тізімге «Барыстан» бөлек, КХЛ-да бақ сынайтын 7 команда енді. Олар: СКА, «Динамо Мн», «Спартак», «Йокерит», ЦСКА, «Ак Барс» және «Локомотив».

Швейцариялық «Берн» клубы 19 жыл бойы қатарынан бұл рейтингте көшбасшы орынды ешкімге берген жоқ. Швейцария астанасының намысын қорғайтын бұл команданың әр кездесуіне орташа есеппен 16 237 жанкүйер келеді.

<h4>«Барыс» мерейтойлық маусымына арнап фильм түсірді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или