ҚХЛ ресми түрде тоқтатылды
Құрлықтық хоккей лигасы Гагарин кубогын бір аптаға тоқтататынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір апталық үзіліс кезінде ҚХЛ басшылығы плей-офф кезеңін 6 ресейлік командамен өткізудің жолын қарастырады. Әзірге плей-оффты қандай үлгіде өткізетіндігі белгісіз.
Естеріңізге салатын болсақ коронавирусқа байланысты «Йокерит» және «Барыс» хоккей клубтары плей-офф кезеңін жалғастырудан бас тартқан болатын. Екі команда жарыстан бас тартқан соң ҚХЛ басшылығы жарысты тоқтатуды қарастырған болатын.
«Барыс» президенті команда үшін маусым аяқатлғанын хабарлады. Себебі ойындарды сырт алаңда өткізе алмайды. Ал көктемнің соңында спортышлар дайын болмайды деді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или