Қуат Хамитов коронавирусқа сенбейтінін тағы да жазды
Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов коронавирус пандемиясы туралы тағы бір пікірін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
«Алдымен орал вирустың әлі табылмаған вакцинасын ойлап шығарады, кейін оны бәріне сатады. Артынша ешқандай ауру болмағанын бәрі де біледі! Вакциналарымен емделмеңдер!», - деп жазды Хамитов Instagram-парақшасында.
Бұған дейін Қуат Хамитов коронавирусқа сенбейтінін жазған еді.
«Осы коронавирус оқиғасынан кейін жаңалыққа ешқашан сенбеуіміз керек! Бұл вирус - жалған!», - деген еді спортшы.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін былтыр сәуірде өткізген болатын. Сол кезде ол әзербайжандық Нариман Аббасовтан жеңілген еді.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусты пандемия деп жариялады.