Георгий Кичигин UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатыр
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Георгий Кичигин «Вестник ММА» Youtube-арнасына берген сұхбатында спорттық мансабындағы болашағы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кичигиннің айтуынша оның командасы қазіргі кезде UFC ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер барлығы сәтті аяқталған жағдайда Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін UFC турнирінде Кичигинді көріп қалуымыз ғажап емес.
Георгий Кичигин соңғы үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегінде бразиялиялық қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или