Хоккей

«Йокерит» плей-офф кезеңін жалғастырудан бас тартты

«Йокерит» плей-офф кезеңін жалғастырудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Финляндиялық «Йокерит» хоккей клубы коронавирусқа байланысты ҚХЛ-дың плей-офф кезеңін жалғастырудан бас тартты.

«Йокерит» Гагарин кубогы үшін таластан бас тартты. Жарыстың ширек финалында финляндиялық команда ресейлік СКА хоккей клубына қарсы ойнауы керек еді.

Финляндия билігі елдегі 500 адамнан артық қатысатын іс-шараларды өткізбеуді жөн көрген. Бастапқыда «Йокерит» өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізеді деп жоспарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер