Коронавирус кесірі. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Коронавирус кесірі. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 16-22 наурыз күндері Монреальда (Канада) өтуі тиіс еді. ISU шешімімен белгісіз мерзімге шегерілген дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың қазан айына дейін өткізіледі деп жоспарлануда. ISU ресми мәлімдемесінде маусымның ең маңызды жарысының қолайсыз жағдайға байланысты кейінге шегерілгеніне өкініш білдіріп, түсіністік танытуды сұраған. Ұйым үшін спортшылар мен жанкүйерлердің денсаулығының амандығы маңызды екенін тілге тиек еткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или