Әлем футболы

ЧЛ: «Ливерпуль» жарыс жолынан шығып қалды

ЧЛ: «Ливерпуль» жарыс жолынан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта кездесуінде ағылшындық «Ливерпуль» өз алаңында испаниялық «Атлетиконы» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші кездесуде сырт алаңда 1:0 есебімен жеңілген «Ливерпуль» қарымта кездесуде өз алаңында бар күшін салды. Ойынның негізгі уақытында «Ливерпуль» сапынан Вейналдум мергендігімен көзге түсті. 90 минутқа жалғасқан кездесу 1:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталды. Екі кездесу қорытындысы бойынша тең нәтиже болғандықтан, кездесу овертаймға жалғасты. 15 минуттық екі таймнан тұратын овертайм тартысты өтті. «Ливерпуль» 94-минутта гол соғып, ширек финалға жақындай түсті. Алайда «Атлетико» ойыншылары жігерлік танытып, үш бірдей гол соқты. 97-минутта Маркос Льоренте есеп айырмасын қысқартса, 105-минутта Льоренте дубль авторы атанып, есепті теңестірді. Кездесудің соңғы минуттарында Альваро Мората гол соғып, «Атлетико» жеңісті жұлып кетті.
Екі кездесу нәтижесі бойынша жалпы есеп 4:2 «Атлетиконың» пайдасына. Былтырғы чемпиондар Клопп шәкірттері жарысты 1/8 финалда аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер