ММА

Артем Резников: Тек үздік файтерлермен төбелескім келеді

Артем Резников: Тек үздік файтерлермен төбелескім келеді
news-banner7
mobile-news-top

ACA 105 турнирінің басты жеңімпаздарының бірі Артем Резников (21-6) Underdog спорт агенттігіне берген сұхбатында жекпе-жектен кейінгі эмоцияларымен бөлісті, сонымен қатар оқиғадан кейін маңызды мәлімдеме жасады.

Қазақстандық файтер 6 наурызда Алматыда өткен ACA 105 турнирінде ресейлік тәжірибелі грэпплер Хамзат Аушевпен (13-4) кездесіп, 1-раундта «Север-Юг» қылқындыру әдісімен жеңді.

- Артем, туған жерде төбелесу қаншалықты ауыр?

- Мінезім солай ма, білмеймін, еш толқыныс болған жоқ. Мен октагонға шыққанда ғана толқимын. Батырға оң-солы бәрібір емес пе, шетелде де, өз жерімде де өзімді бірқалыпты ұстаймын.

- Өз жанкүйерлеріңнің алдында жеңіске жету керемет шығар?

- Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аренаға атып шыққан кезде мені қолдап келгендерді көргенде… Күшім екі есеге көбейіп кетті. Сондай бір тамаша қолдау болды.Қаншама достар, таныстар жанкүйерлер келіпті. Өз еліңдегі турнирге қатысу рахатқа батырды.

- Хамзат Аушев жекпе-жекте несімен тәнті етті?

- Тәнті етті? Жоқ, кездесу екі минутқа ғана созылды ғой! Хамзаттың әдістерін жақсы білемін. Оның жекпе-жектерін алды ала көріп алып, жаттығу лагерінде мықты грэпплерлермен жұмыс істедім. Мақтанғандай болмайын, бірақ грэпплингім керемет шықты. Жеңімпаз атанатыныма сенімді болдым.

- Кезекті рет «Север-Юг» әдісімен жеңіске жеттіңіз. Осылай жеңемін деп жоспарладыңыз ба, әлде ойламаған жерден бе?

Әр жекпе-жекте жоспарлаймын (күлді). Ең бастысы – осы әдіспен жеңу емес, 11 кездесуді қатарынан жеңген (оның 10-ы сабмишен) мықты спортшыдан басым түсу. Жоғары деңгейлі грэпплерді жеңгеніме қуаныштымын. Көбі бұл әдісті бағаламаған болатын.

- Қарсыластарыңыз осы әдісті қолданатыныңызды біле тұра, қақпаныңызға түсіп қалады. Бұл қалай болғаны?

- Білмеймін (күлді). Әр жаттығуда осы әдіспен өзімді шыңдай беремін. Мен үздіктердің үздігі болғым келеді. Брюс Ли кезінде «Мен көп әдіс-тәсіл білетіннен гөрі, бір әдісті жетілдірген адамнан қорқамын» деген екен.

Қазақстандық фанатарға қандай сәлем жолдайсыз?

- Сіздердің қолдауларыңыз ерекше әсер етті. Мұндай күш-қуатты ешқашан, ешкімнен алған емеспін. Баршаңызға көп рахмет! Жеңісімді Қазақстанға арнадым. Менің елім маған сұмдық қолдау көрсетті. Мен әрбір хабарламаны оқып шықтым, жанкүйерлерді көзім көрді. Бұл адам сенгісіз нәрсе.

- Юсуф Раисовқа жолдау арнағыңыз келетінін білеміз…

- Иә, бірақ ол менің оны жақтырмайтындығымнан емес, оның мықты сарбаз болғаны үшін айтқым келеді. Мен мықтылармен төбелескім келеді. Юсуф Раисов – өте тәжірибелі жекпе-жек шебері, сол үшін мен оны шақырып отырмын. Шынымды айтайын, Раисов жеңіл салмақта TOP файтерлермен кездескен емес. Ал келесі жекпе-жек қашан өтеді дегенге келетін болсақ, қазір кола ішіп, бургер жегім келеді. Залға содан кейін оралармын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер