«Барыс» – «Металлург» арасындағы бесінші матчтың тікелей трансляциясы
9 наурыз күні «Барыс» Гагарин кубогының 1/8 финалында Магнитогорсктің «Металлурнгіне» қарсы серияның бесінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтағы екі матч қазақстандық команда үшін жемісті болды. Андрей Скабелка шәкірттері екі ойында да жеңіс жетіп қана қоймай, 120 минут ішінде өз қақпасына бір шайбы ғана жіберіп алды.
Сериялық есепте «Барыс» 3:1 есебімен алда тұр. Андрей Скабелканың командасы бесінші матчта жеңіске жетсе, Шығыс конференциясының жартылай финалына жолдама алады.
«Барыс» пен «Металлург» арасындағы бесінші текетірестің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:45-те басталады және мына СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или