Бауыржан Тұрысбек «Радтың» негізгі құрамында шықты

Ништік «Рад» клубында ойнайтын қазақстандық жас футболшы Бауыржан Тұрысбек Сербия кубогындағы «Инджияға» қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге салсақ, ойынның негізгі және қосымша уақытында командалар гол соға алмай, пенальти сериясында «Рад» 4:1 есебімен жеңген болатын.

– Ойын қиын болды, олардың барлық ойыншысы бірінші минуттан өздерінің жарты алаңдарында ойнады. Біз 70 пайыз допқа иелік еттік. Бірінші таймда «Инджия» ойыншылары өз айып алаңдарында екі рет ереже бұзды, бірақ төреші пенальти берген жоқ.

– Негізгі мен қосымша уақыттың 0:0 есебімен аяқталуына не себеп болды?

– Матчтың алдында үш күн бойы жаңбыр жауып, алаңның жағдайы тым нашар болды. Ойын барысында алты тамаша мүмкіндікке ие болған едік, доп жүрмей, көп ұмтылысымыз бекерге кетті. Дегенмен «Инджия» да тактикалық тұрғыда жақсы ойнады, негізгі уақытта гол сала алмағанымыз үшін ауа-райын емес, өзімізді кінәлеуіміз керек.

– Ойын сен үшін қалай өтті? Бапкер неге сені бірінші таймнан соң ауыстырып тастады?

– Мен жартылай қорғаныстың оң қапталында өнер көрсеттім. Гол соғатын тамаша екі мүмкіндігім болды. Алдымен баспен жасаған соққым бағанаға тиді, екіншісінде қақпашы қырағылық танытты. Бір ай бойы ресми кездесуге шықпаған соң, үзілісте бас бапкер «осы жетеді, келесі ойындарға дайындал» деді. Оның үстіне, алаң жұмсақ болғандықтан, балтырым ауырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или