ММА

Арман Оспанов «Қара жолбарысты» нокаутқа түсірді

Арман Оспанов «Қара жолбарысты» нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыдағы АСА 105 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Расул Мирзаевты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек бастала салысымен спортшылар ашық айқасқа түсті. Бір-біріне соққыларды жаудыра бастады. Расул Мирзаевтың дәл соққысынан кейі Арман тепе-теңдігін жоғалтып, құлауға шақ қалды. Бірақ оған қарамастан Арман өр мінезділік танытып, Мирзаевты соққылар астына алды. Бірінші раундтың ортаң беліне келгенде Арман «Қара жолбарысты» нокаутқа жіберді. Арманның жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл Арманның спорттық мансабындағы оныншы жеңісі. Ал Расул Мирзаев спорттық мансабында 18 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапқан.

Сондай-ақ АСА 105 турнирінде басқа да қазақстандық файтерлер сәтті өнер көрсетті.

Нұрсұлтан Қасымханов АСА 105 турнирінде жеңіске жетті

Евгений Егембердиев бірінші раундта жеңіске жетті

Артем Резников қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

Асылжан Бақытжанұлы АСА 105 турнирінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер