Алматыда ACA 105 турнирі өтеді

Алматыда ACA 105 турнирі өтеді

Алматыда ертең ережесіз жекпе-жектен ACA 105 турниріне қатысатын спортшылардың барлығының қарсыластары белгілі болды.

Шешенстандық АСА (Absolute Championship Akhmat) және қазақстандық «Алаш Прайд» клубтарының ұйымдастыруымен өтетін халықаралық турнирде жекпе-жекке жалпы 16 жұп өзара мықтыны анықтамақ.

Жарыстың басты бәсекесінде бразилиялық Даниель де Алмейда (26 жеңіс, 6 жеңіліс) мен шешенстандық Шәміл Шахбулатов (11 жеңіс, 2 жеңіліс) айқасады. Олар АСА нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Жалпы жарысқа шығатын спортшылар тізімі төмендегідей: Нұрсұлтан Қасымханов (Қазақстан) – Иван Жвирбля (Беларусь) Ермек Тлауов (Қазақстан) – Әлихан Сулейманов (Ресей) Мүслім Магомедов (Ресей) – Карлос Эдуардо (Бразилия) Қанат Келдібеков (Қырғызстан) – Уолтер Перейра (Бразилия) Насрудин Насрудинов (Ресей) – Кори Хендрикс (АҚШ) Имран Букуев (Ресей) – Мигель Фелипиньо (Бразилия) Абдул-Рахман Жанаев (Ресей) – Алекс Гарсия (Канада) Иманали Гамзатханов (Ресей) – Раймундо Батиста (Бразилия) Юсуп Умаров (Ресей) – Егор Голубцов (Бразилия) Казим Түменов (Ресей) – Рустамбек Атамбаев (Қырғызстан) Мұрад Магомедов (Ресей) – Джосиель Силва (Бразилия) Шәміл Шахбулатов (Ресей) –Даниель де Алмейда (Бразилия) Арман Оспанов (Қазақстан) – Расул Мирзаев (Ресей) Артем Резников (Қазақстан) – Хамзат Аушев (Ресей) Асылжан Бақытжанұлы (Қазақстан) – Даниель Толедо (Испания) Евгений Егембердиев (Қазақстан) – Карол Селински (Польша).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или