«Ордабасы» президенті: Қаржылық қиындық болмайды деп уәде бере алмаймын

«Ордабасы» президенті: Қаржылық қиындық болмайды деп уәде бере алмаймын

«Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейітов Prosports.kz сайтына осы маусымда алға қойған мақсаттар мен бөлінген бюджет туралы айтып берді.

- Осы маусымдағы мақсаттарыңыз қандай?

- Биыл жанкүйерлердің қолдауымен жүлделі орындарға таласамыз Біз екінші маусым қатарынан чемпионаттың қола жүлдегері атандық, енді екінші орын алуға тырысамыз. Мұның бәрі Алланың қолында. Біз ойыншылардың бәрін дерлік қатарымызда сақтап қала алдық. 5 жаңа ойыншыға командаға қостық. Олар клубқа пайдасын тигізіп, жақсы ойын көрсетеді деп сенеміз.

- Биыл қаржылық қиындықтар бола ма?

- Біз ешқандай проблемалар болмайтынына кепілдік бере алмаймыз. Барлық клубтарда, соның ішінде «Астана», «Тобыл» секілді клубтарда да футболшылар бірнеше ай жалақы алмайтын кездер болады. Жақында мен қала әкімінің қабылдауында болдым. Жақында ол клуб ойыншыларымен кездеседі. Мұрат Айтенов футболды қатты жақсы көретінін, біздің матчтарға келуге тырысатынын және бізге жақсы қаржылық қолдау болатындығын айтты.


- Көреміз. Бұл тақырып жайлы қоя тұрайық.Өткен жылы бізге 3 миллиард қаржы бөлінді.

- Нақты соманы атай аласыз ба?

- Бұл туралы өзіңіз кейінірек білетін боласыз.Қаржы туралы айтпай-ақ қояйық.

- Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Нұртаев 7 миллиард теңге бөлінді деді.

- Қазір сізге ештеңе айта алмаймын, өйткені бюджет әлі толық қалыптаспаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или