«Барыс» плей-офф кезеңінің екінші матчында жеңілді

«Барыс» плей-офф кезеңінің екінші матчында жеңілді

Бүгін елордалық «Барыс» плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші кездесуін өткізді.

Кездесудің алғашқы минутынан тартысты ойын өрбіді. Ресейлік хоккейшілер тарапынан белсенділік байқалып тұрды. Олар «Барыс» қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде де «Металлург» алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде ресейлік команда «Барыс» қақпасына гол соғып кетті. Ойынның 24-минутында ресейлік Андрей Нестрашил мергендік танытты. Ал 27-минутта Сергей Мозякин есепті үстемелей түсті. Андрей Нестрашил 36-минутта кездесудегі екінші голдың авторы атанды.

Үшінші кезеңде «Барыстың» белсенділігі байқалды. Дегенмен екі команда да гол соға алған жоқ. Ойында «Барыс» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 5 және 7 наурыз күндері екі матч Магнитогорск қаласында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или