Бернд Шторк қазір қайда жүр?
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк қазір бельгиялық «Серкль Брюгге» командасын жаттықтырады. Оның командасы қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz <span>порталы. </span>
28-турда Шторктің командасы көшбасшылардың бірі «Гентті» 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 1-минутта Кевин Хоггас соққан.
Осылайша, «Серкль Брюгге» қатарынан төрт матчта жеңіске жетіп, қауіпті аймақтан шықты. Қазір Шторктің командасы 16 клубтың ішінде 14-орында тұр. Команда 28 матчтан кейін 23 ұпай жинаған.
Естеріңізге салсақ, Бернд Шторк Қазақстанда 2008-2011 жылдар арасында жұмыс істеген еді. Бұл уақыт ішінде ол «Алма-Ата» мен «Цеснаны», Қазақстан жастар (U-19, U-21) құрамалары мен Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.
<h4>Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық клубқа жетекшілік етеді</h4>