«Енисей» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы
«Астана» ВТБ Біріккен Лигасының кезекті турында Красноярскінің «Енисей» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық клубтың соңғы уақыттағы нәтижесі көңіл көншітпейді. Команда қатарынан үш жеңіліске ұшырады, олардың екеуі ВТБ лигасы аясында. Сүреңсіз ойындарының салдарынан турнирлік кестеде 11-орынға түсіп қалды.
Ал ресейлік команданың жағдайы бізбен қарама-қайшы деуге болады. Олар турнирлік кестеде 5-орынға жайғасқан.
«Енисей» - «Астана» матчтар Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы матч уақыты жақындағанда қолжетімід болады. Ал QazSport ойынның жазба нұсқасын 19:45-те көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или