«Жетісудың» экс-капитаны Литва Суперкубогында жеңіске жетті
29 ақпанда Литва Суперкубогын «Жальгирис» пен «Судува» командалары сарапқа салды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл кездесуде «Жальгирис» жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды талдықорғандық «Жетісудің» экс-капитаны Мантас Куклис соқты.
Еске сала кетейік, Куклис литвалық клубқа 10 қаңтарда ауысты. «Жетісуда» ол екі маусым өнер көрсетті. Өткен маусымда Куклис 24 матчқа қатысып, 2 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или