Михал Билек - Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған 12-бас бапкер
«Астана» футбол клубы жаңа бас бапкері Михал Билектің жетекшілігімен Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Осылайша, 54 жастағы чех маманы Қазақстан Суперкубогында жеңіске жеткен 12-бас бапкер атанды. Бұл атақты тек бір маман ғана екі рет жеңіп алған. Ол ресейлік бапкер - Владимир Муханов.
Барлығы 13 жеңістің 10-ы шетелдік мамандарға, 3-еуі қазақстандықтарға тиесілі. Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған отандық үш маман - Вахид Масудов, Владимир Никитенко және Григорий Бабаян.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или