Мария Агапова UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Мария Агапова UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық ММА спортшысы Мария Агапова (8-1) UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы павлодарлық спортшы америкалық промоушнның бір бөлігіне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, Агапова ММА спортында 2015 жылы тамызда дебют жасады, осы уақыт аралығында 8-1 рекордына қол жеткізген. Өткен шілдеде Мария АҚШ-та Dana White's Contender Series турнирінде жекпе-жекке шықты, онда жеңімпаз UFC-мен келісімшартқа ие болды. Өкінішке орай, содан кейін Трейси Кортестен ұтылды.

Қыркүйек айында Агапова екі рет қатарынан жеңіске жетіп, <span>Invicta FC ұйымында алғашқы қадамын </span>жасады. Осы жылдың ақпан айында Мария <span>Invicta</span> турнирінде өнер көрсетуі керек еді, бірақ жекпе-жектен бірнеше апта бұрын оны көлік қағып кетті. Бүгін спортшы UFC-пен төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды.

Айта кетелік, Мария Агапова Флоридадағы <span>American Top Team залында</span> жаттығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или