Морозов UFC-мен келісімшартқа отыруға жақын

Морозов UFC-мен келісімшартқа отыруға жақын

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC промоушенімен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы жақында ғана UFC-ге ауысқан Жалғас Жұмағұлов Ресейдің «Спорт-Экспресс» сайтына берген сұхбатында айтты:⠀

«Досым Сергей Морозовты UFC-мен келісімшартқа отырды деп айтсам болады. Екеуміз бір жекпе-жек кешінде дебют жайсайтын шығармыз», - деді Жұмағұлов.

Морозов - жеңіл салмақтағы M1 Challenge чемпионы. 19 қазан күні Нұр-Сұлтанда ол америкалық Джош Реттингхаусті жеңіп, атағын қорғап қалған болатын.

Айта кетейік, Сергей UFC-мен ресми келісімшартқа отырса, аталған ұйым қатарына қосылған үшінші қазақстандық файтер атанады. Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов пен Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship спортшысы атанған болатын. 

Сонымен қатар, Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмагулов та UFC-де өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или