Зайнутдинов «Ростов» сапында негізгі құрамда шығады

Зайнутдинов «Ростов» сапында негізгі құрамда шығады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын «Ростов» футбол клубы «Краснодармен» жолдастық кездесуге қатысатын негізгі құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Испанияда өтеді. Зайнутдинов алғашқы минуттан алаңға шығады. Ойын Нұр сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

Екі команда Ресей чемпионатының кестесінде көрші тұр. <span>«Ростов» үшінші сатыда болса, «Краснодар» екінші орынға жайғасқан.</span>

Еске салайық, Бахтиер осы маусымда <span>«Ростов»</span> жейдесінде 11 матчқа қатысты. Чемпионатта үш гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или