Мейіржан Камбил «Атырау» ойыншысы атанды

Мейіржан Камбил «Атырау» ойыншысы атанды

22 жастағы қазақстандық қорғаушы Мейіржан Камбил «Атырау» командасымен келісімшартқа қол қойды.

Мейіржан - Шымкент футболының түлегі. Бразилиялық "Оле Бразил" академиясында үш жыл оқыған.

Бұған дейін елордалық "Бәйтерек" пен "Мақтааралда" ойнаған. Бірінші лиганың алдыңғы маусымында ол 20 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или