«Астана» Кипр құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

«Астана» Кипр құрамасының шабуылшысын қатарға қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириумен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, ойыншымен келісімшарт 3 жылға жасалған.

Пиерос Сотириу грекиялық «Олимпиакос» клубының түлегі. Кәсіпқой футболдағы мансабын 2009 жылы осы команда сапына бастаған. Кейін өз елінің үздік клубы АПОЭЛ-ге ауысқан. АПОЭЛ сапында 2013-2017 жылдар аралығында 73 матчқа қатысып, 35 гол соққан. Әрі төрт мәрте Кипр чемпионатында топ жарған.

27 жастағы футболшының соңғы клубы - даниялық «Копенгаген». «Копенгагенге» 2017 жылы 2,5 миллион еуроға ауысты. Аталған клуб сапында бір мәрте Дания чемпионы атанған.

Ал Кипр құрамасы қатарында 40 кездесуге қатысып, 10 гол соққан.

Бір айта кететін жәйт, Пиерос АПОЭЛ сапында «Астанаға» қарсы үш кездесуде алаңға шыққан. Алайда, нәтижелі ойынымен көзге түскен жоқ. Дегенмен, ол ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан және Кипр құрамалары арасындағы екі ойында да гол соқты.

Сонымен қатар, Пиерос УЕФА аясындағы 60 кездесуде алаңға шығып, 13 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер