UFC-де екінші қазақстандық: Жалғас Жұмағұлов ұйыммен келісімшартқа отырды
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов хабарлады.
«Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды», - деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында.
Жұмағұловтың бұған дейін 13 жекпе-жекте жеңіп, үш рет жеңілген. Ол - UFC-дегі екінші қазақстандық файтер. Бұған дейін ұйыммен қазақстандық Шавкат Рахмонов келісімшартқа отырған. Ол әлі дебютін өткізген жоқ. Алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондонда болады деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или