Үмітсіз шайтан. «Қайрат» «Ордабасыны» ұтты

Қазақстан чемпионатының 30-шы турында Алматы қаласының Орталық алаңында жергілікті «Қайрат» пен шыменттік «Ордабасы» күш сынасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алматылық клуб бүгінгі кездесуге жетекші жеті бірдей футболшысыз шықты: оның бесеуі маусым соңына дейін ойыннан шететілсе, екеуі жарақатына байланысты «Ордабасыға» қарсы кездесуге қатыспайды. Владимир Вайсстың бұл ойында алаңға шығарар ойыншылары жеткіліксіздігі көзге көрініп-ақ тұрды. Қосалқы құрамда іліп-алар бір-екі футболшы болмаса, қалғаны түгелдей дерлік дубльда ойнайтын ойыншылар еді. Дегенмен, словакиялық бапкер жасыл алаңға бес бірдей қорғаушыны шығарды, соның ішінде Тимур Рудосельский осы маусымдағы дебюттік ойынын өткізді.

Алаң иелері бірден қарсыласының осал жерін іздей бастады, өйткені бірінші болып есепті ашпаса жағдай мүлдем қиын болатынын білді алматылық футболшылар. Толассыз шабуылдармен Григоренко қақпасын нысанаға алған Вайсстың шәкірттері дегендеріне жетіп тынды. 13-ші минутта Исаэльдің көтерген бұрыштама добынан кейін Аслан Дарабаев тамаша соққысымен есепті ашты. Жеті минут өтісімен «Қайрат» футболшылары екінші голдарын соқты. Исламханның пасынан кейін испаниялық Сито Риера «Ордабасы» қақпашысы Григоренкодан айласын асырып кетті. Екінші кезеңді «Ордабасы» футболшылары белсенді бастады. Ал, Вайсстың командасы өз кезегінде қарсы шабуылдарға иек артып отырды. «Ордабасы» футболшылары таразы басын теңестіруге тырысқанымен бұл жолы мұндай бақ оларға бұйырмады. Екінші тайм Ширмялис шәкірттерінің айқын басымдығымен өтті. Дегенмен, қонақтар «Қайраттың» қорғанысын бұзып-жара алмады.

Қазақстанч чемпионаты. Премьер-лига. 30-ші тур.

«Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент) - 2:0 (2:0)

Голдар: Исламхан 12, Риера 21

«Қайрат»: Ткачук, Рудосельский, Гурман, Михалик, Қуантаев, Едигарян, Қуат, Исламхан (к), Дарабаев, Исаэл, Риера.

Қосалқы құрам: Грошев, Лунин, Байтана, Оразаев, Тәңірбергенов, Балтабаев.

«Ордабасы»: Григоренко, Мвесигва, Кудела, Фрейре де Араужу, Сүйімбаев, Тұңғышбаев, Диакате, Бейсенов, Касьянов, Әшірбеков (к), Нұрғалиев.

Қосалқы құрам: Отарбаев, Қожабаев, Толебек, Тәжімбетов, Гридин, Алиев, Адырбеков.

Бас төреші: Денис Измаилов (Талдықорған)

Төрешінің көмекшілері: Юрий Тихонюк, Максим Суботин (Ақтөбе)

Алматы қ, Орталық стадион. 26 қазан 2014 жыл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или