Галина Вишневская үздік ондыққа кірді
<span>Қазақстандық Галина Вишневская Италияның Антхольц қаласында биатлоннан 15 км жеке қашықтықта тоғызыншы орынға ие болды. </span>
<span>Қазақстандық спортшы төрт мәрте нысана көздеуде бірде-бір оғын мүлт жіберген жоқ. Тек жылдамдығы жағынан есе жіберген Галина қорытындыда үздік ондықтың қатарына кірді. </span>
<span>Жарыс барысында екі рет оғын нысанаға тигізе алмағанымен, қарқыны мықты италиялық Доротея Вирер мәре сызығын бірінші болып қиды. </span>
<span>Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші алтын медалі. Д.Вирерден сәл-пәл қалып қойған германиялық Ванесса Хинц екінші, норвегиялық Марте Рейселанд үшінші орынға көтерілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или