Абзал Әжғалиев әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді
16 ақпан күні Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі мәресіне жетті. Кубоктік додада Қазақстан командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әжіғалиев 500 метрге жарысудан үздік үштікке енді. Ол алтыншы кезеңде 6400 ұпай жинап, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Ол алты әлем кубогінің қорытындысы бойынша 24 664 ұпай еншілеген. 500 метрге жарысудан көш басында 50 096 ұпай жиған венгриялық Шаолинь Шандор Лю келеді. Екінші орында - қытайық У Дацзинь (32171).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или